Жазғы демалыс су жағасында тек жағымды естеліктер сыйлауы тиіс. Өкінішке қарай, әрбір шомылу маусымы алдын алуға болатын қайғылы оқиғалармен қатар жүреді.
Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күніне орай Қазақстан Республикасы ТЖМ #СоңғыЖүзу ақпараттық акциясын бастайды. Акцияның басты мақсаты – судағы қауіпсіздік ережелерін елемеу адам өміріне қауіп төндіретінін әрбір азаматтың есіне салу.
Шомылу маусымы басталғалы бері ТЖМ құтқарушылары 211 адамды, оның ішінде 67 баланы құтқарды. Соған қарамастан, су айдындарында 93 адам, оның ішінде 30 бала қаза тапты.
Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған және жабдықталмаған орындарда орын алады. Әрбір статистиканың артында адам өмірі, өз жақынын күткен отбасы мен туған-туыстарының қайғысы тұр.
Қазақстан Республикасы ТЖМ қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
– тек рұқсат етілген және жабдықталған орындарда шомылыңыз.
– шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түспеңіз.
– су жағасында демалу кезінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынбаңыз.
– белгіленген қалқыма белгілерден асып жүзбеңіз.
– көпірлерден, жарқабақтардан және басқа да қауіпті орындардан суға секірмеңіз.
– су көліктерінен қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.
– балаларды су жағасында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
#СоңғыЖүзу акциясына қосылыңыз. Осы үндеуді жақындарыңызбен және достарыңызбен бөлісіңіз. Мүмкін, дәл сіздің ескертуіңіз біреуге дұрыс шешім қабылдауға және адам өмірін сақтап қалуға көмектесер.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Су немқұрайлылықты кешірмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1263435?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау