Қазақстанда 23 тамыз күні ҚР Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Дауыс беру күні тіркелген мекенжайында болмайтын азаматтар алдын ала есептен шығару куәлігін алып, еліміздің кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Есептен шығару куәлігі арқылы дауыс беру – сайлау күні тұрақты тіркелген жерінен тыс жерде болатын азаматтарға Қазақстанның кез келген сайлау учаскесінде өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін рәсім.
Ол үшін азамат өзі тіркелген учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруі қажет. Өзімен бірге жеке куәлігі немесе паспорты болуы тиіс. Сондай-ақ куәлікті сенім білдірілген өкіл арқылы да алуға болады. Бұл жағдайда нотариалды куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәліктері сайлауға 15 күн қалғанда беріле бастайды және дауыс беру күніне дейінгі күнгі сағат 18:00-де тоқтатылады.
Сайлау күні азамат Қазақстан аумағындағы өзі таңдаған сайлау учаскесіне барып, есептен шығару куәлігі мен жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі қажет. Осыдан кейін ол сайлаушылар тізіміне енгізіліп, дауыс беру бюллетені беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1263365?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау