Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінде салынып жатқан медициналық нысанның құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес жүргізіп, сапа талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.
Медициналық нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге ғимараттың сыртқы аумағын абаттандыру, ауласын ретке келтіру және асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда.
Айта кетсек, нысан пайдалануға берілгеннен кейін Бостандық елді мекенінің тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету сапасы артып, заманауи талаптарға сай медициналық қызмет алуға қолайлы жағдай жасалады. Бұл ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1263595?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау