Бұған дейін сот үкімімен А. есімді азаматқа 40 сағат қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындалған болатын. Жазаның бұл түрі сотталған адамның негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақытында жергілікті атқарушы органдар белгілейтін объектілерде тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
Тексеру барысында пробация қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілімен бірлесіп, жүктелген міндеттердің адал орындалуын, жұмыс уақыты кестесінің және еңбек тәртібінің сақталуын бағалады.
«Қоғамдық жұмыстарды жүргізудің негізгі мақсаты — сот шешімін орындау ғана емес, сонымен қатар сотталғандарды әлеуметтік бейімделуге және заңға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететін пайдалы еңбекке тарту».
Тексеру барысында жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу деректері тіркелген жоқ. Пробация қызметі есепте тұрған тұлғаларға қатысты сот үкімдерінің орындалуын тұрақты түрде бақылауды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1262901?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау