Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – басты міндет! Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп қағидаттарын нығайту мақсатында әкімдік қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заң талаптарын қатаң орындау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімі. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде адалдық, жауапкершілік және заңдылық қағидаттарын басшылыққа алып, қоғамның сенімін нығайтуға үлес қосуы тиіс.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау