Таңбаланған дәрілік заттар айналымы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде келушілерге (фармацевтикалық ұйым өкілдеріне) таңбаланған дәрілік заттар айналымындағы мәселелер бойынша ақпараттандыру түсіндірме кеңесі өткізілді.
 
Кеңес барысында Департамент мамандары келушілерге дәрілік заттарды таңбалау жүйесінің жұмыс істеу тәртібін, ИСМЕТ ақпараттық жүйесін пайдалану ерекшеліктерін түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
 
Сонымен қатар, техникалық сипаттағы мәселелер туындаған жағдайда «Қазақтелеком» АҚ техникалық қолдау қызметінің байланыс телефондарына хабарласу қажеттігі түсіндірілді.
Департамент алдағы уақытта да азаматтар мен фармацевтикалық қызмет субъектілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1263051?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version