ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түлкібас ауданының Майтөбе ауылында Қожа Ахмет Ясауидің рухани-философиялық мұрасын насихаттауға арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті.
Іс-шараға Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түлкібас ауданы әкімінің кеңесшісі Сәдуахас Сейсенбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым мен жастар қатысты. Семинарды «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ерлан Дәкенов жүргізді.
Жиында Рүстем Сабыржанұлы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, оны кеңінен насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
Семинарда профессор Досай Кенжетай, дінтанушы Сержан Оразбай, «Яссауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов және философия докторы Төлеген Мұхит баяндама жасап, Ясауи мұрасының тарихи-рухани мәні, ұлттық сана мен салт-дәстүр сабақтастығы туралы ой бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстар талқыланды.
Показать меньше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1263108?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version