Түркістан облысында биыл 100-ге жуық электрлі көлік арнайы тұраққа қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Осыған байланысты электрскутер, электрсамокат және мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы қағидаларын сақтауына бақылау күшейтілді.

     Жыл басынан бері жол қозғалысы талаптарын бұзғаны үшін 100-ге жуық электрскутер, электрсамокат және мопед арнайы тұраққа қойылды. Оның ішінде соңғы бір аптаның өзінде 32 көлік құралы айып тұрағына жеткізілді.

     Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеусіз пайдаланылған көлік құралдарын, жүргізуші куәлігінсіз басқару, мотошлемсіз қозғалу және жол қозғалысы қағидаларының өзге де талаптарын бұзу фактілерін анықтады. Барлық құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар көрілді.

     Тәртіп сақшылары электрскутер, электрсамокат және мопед жүргізушілеріне жолдағы жауапкершілікті сезініп, заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын ескертеді. Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңіз бен өзге жол қозғалысына қатысушылардың амандығының кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1263357?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version