ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАР КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАР КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ

2026 жыл – Халықаралық волонтерлер жылы аясында волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларына арналған екі күндік Жазғы мектеп басталды.

Жобаға қаламыздың 100-ге жуық белсенді жасы, волонтерлік ұйымдардың көшбасшылары мен қоғам белсенділері қатысуда. Жазғы мектеп «Красные скалы» демалыс аймағында өтеді.

Бағдарлама аясында қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасады, командалық жұмыстар мен түрлі танымдық іс-шараларға қатысады.

Іс-шараның алғашқы күнінде қатысушыларға арнайы имидждік киімдер таратылып, жазғы мектептің бағдарламасы таныстырылды. Жоба еріктілер қозғалысын дамытуға, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және волонтерлік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhastar-shymkent/press/news/details/1263347?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version