Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасының кодексінің 94, 96-бабының 1-тармағы және 116-бабының 5-тармағының 2- тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Кладбинка ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері:
- бюджеттің кіріс бөлігін түзету;
- бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу;
- аудандық бюджеттен 2 000 мың теңге сомасында қосымша нысаналы трансферттер.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Кладбинка ауылдық округінің әкімі
С. Абзалимов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-kladbin/press/news/details/1263041?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау