«ЖАСЫЛ АЛАҢ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»
⚜️Қалам-Қарасу ауылында тұрғындар үшін қуанышты әрі тарихи күндердің бірі орын алды. Ауылда бой көтерген жаңа «Жасыл алаң – жарқын болашақ» атты шағын футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🌟Салтанатты шараға Қалам-Қарасу ауылдық округінің әкімі Берік Алпысбайұлы, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы, сондай-ақ Жангелдин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тойғанбол Нұрханов қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады. Жаңа спорт нысанының ашылу лентасын ауыл әкімі Берік Алпысбайұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тойғанбол Нұрханов салтанатты түрде қиды.
☀️Алаңның ашылуынан кейін мерекелік көңіл күй тартысты шағын футбол турнирімен жалғасты. Іс-шара барысында алаң жанына киіз үй тігіліп, қатысушылар мен қонақтарға дастарқан жайылып, ұлттық қонақжайлықтың үлгісі көрсетілді.
☄️Шарадан кейін 8 команданың қатысуымен шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Нәтижесінде:
🏆 І орын – Жаркөл ауылдық округі 🥈 ІІ орын – Тәуіш ауылы 🥉 ІІІ орын – Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық округі иеленді.
Арнайы номинациялар жеңімпаздары да марапатталды.
⚜️Аталған спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік жасаған азаматтар –Рүстем Оңғарұлы, Сұңғат Жақсылықұлы, Олжас Қаламбекұлы және Шоқан Қанатбайұлына ауыл тұрғындары атынан зор алғыс білдіреміз. Олардың қолдауының арқасында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлделер табысталды.
Жаңа алаң ауыл жастарының жаңа жеңістеріне жол ашсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-kalamkarasu/press/news/details/1262932?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау