Жаздың ыстық күндерінде майонез, қаймақ және өзге де тұздықтар қосылған салаттар тез бұзылатын тағамдардың қатарына жатады. Ауа температурасының жоғары болуы ауру тудыратын микроорганизмдердің жылдам көбеюіне қолайлы жағдай жасап, нәтижесінде жедел ішек инфекциялары мен тағамнан улану қаупін арттырады.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға дайын салаттарды тоңазытқышта да ұзақ уақыт сақтамауға кеңес береді. Әсіресе, мұндай тағамдарды табиғат аясына алып шығу қауіпті, себебі ыстықтың әсерінен олардың сапасы тез бұзылып, адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Денсаулықты сақтау үшін салаттарды аз мөлшерде дайындап, құрамындағы өнімдерді бөлек сақтап, тек дастарқанға қояр алдында ғана тұздықпен араластырған жөн. Жаз мезгілінде жаңа піскен көкөністерден дайындалған салаттарға зәйтүн немесе өсімдік майын, лимон шырынын қосып пайдаланған дұрыс.
Тағамдарды дайындау мен сақтау талаптарын сақтау – тағамнан уланудың және ішек инфекцияларының алдын алудың ең тиімді жолы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1263501?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау