Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Жазғы демалыс – балалар үшін қызықты әрі көңілді кезең. Алайда су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау – өмір мен денсаулықтың кепілі екенін ұмытпайық.
✅ Тек арнайы рұқсат етілген және қауіпсіздігі тексерілген жерлерде ғана шомылыңыздар;
✅ Белгісіз жерлерге секірмеңіздер, су түбін білмей қауіпке бармаңыздар;
✅ Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар;
✅ Терең жерлерге жалғыз бармаңыздар;
✅ Қайықпен немесе катермен жүрген кезде құтқару кеудешесін киіңіздер;
✅ Ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға түспеңіздер;
✅ Төтенше жағдай орын алса, дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.
Ата-аналар! Балаларыңыздың қайда жүргенін бақылап, судағы қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыздар. Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Өмір қымбат! Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жазғы демалысты көңілді әрі қауіпсіз өткізейік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1263542?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау