1959 жылы салынған теміржол вокзалы толығымен жаңартылды. Қайта құру нәтижесінде ғимараттың ауданы екі есеге жуық өсті-135,7-ден 258,3 шаршы метрге дейін. Вокзал-жолаушылар мен теміржол саласының қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған заманауи бір қабатты ғимарат.
Қайта құру барысында шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылумен жабдықтаудың және электрмен жабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің құрылысы орындалды. Сондай-ақ, перронды қайта жаңарту, іргелес аумақты абаттандыру және заманауи жиһаздарды орнату жұмыстары жүргізілді.
Жетісу станциясының теміржол вокзалы 3 типті вокзалдарға жатады. Күн сайын станция арқылы Алматы, Алтынкөл, Сарыөзек және Қапшағаймен көлік қатынасын қамтамасыз ететін төрт жолаушылар пойызы өтеді.
Нысанды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын бүкіл ел бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама шеңберінде іске асырылды. Алматы облысында жаңғырту бағдарламасымен төрт теміржол вокзалы қамтылған: Қонаев, Шамалған, Жетісу және Қазыбек
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1263191?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау