Солтүстік Қазақстан облысында ведомстволық «ARLAN» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің волейболдан чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 25 команда, яғни 250-ден астам полиция қызметкері қатысты.
Бірнеше күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тартысты әрі әсерлі өткен кездесулердің қорытындысы бойынша Жетісу облысы Полиция департаментінің командасы құрметті үшінші орынды иеленді.
Бұл нәтиже қызметкерлеріміздің кәсібилігін, мықты рухын және жоғары дене дайындығын айқын дәлелдеді. Команданы лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жаңа спорттық белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1263468?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау