2026 жылғы 24 шілдесінде Оксана Ивановна Ержанованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда депутаттармен әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы, депутат Марат Абдилхасымович Аблаевтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелер қаралды.
Жұмысқа Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік мекеменің басшысы қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1263187?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау