Байзақ ауданы прокуратурасымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары қалпына келтірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде «Байзақ № 3 колледжі» КМҚК-де жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Тексеру барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы 7 студентке, сондай-ақ мүгедектігі бар 1 студентке заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктердің берілуі қамтамасыз етілмегені белгілі болды.

Атап айтқанда аталған студенттерге каникул кезеңінде демалуға арналған жолдамалар берілмеген, жол жүру шығындары мен тәуліктік шығыстары өтелмеген, киім-кешекпен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек төленбеген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша колледж басшылығының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, студенттердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Байзақ ауданының прокуратурасы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қадағалауды одан әрі жүзеге асырып, заң бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша жан-жақты шаралар қабылдауда.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1263636?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version