Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелердің қызметкерлері кезекті сенбілік ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкенің көркеюіне үлес қосу және қоғамда тазалық пен жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу.

Сенбілік барысында департаменттің жеке құрамы мекеме аумағы мен оған іргелес аумақтарды күл-қоқыстан тазалап, ағаштардың түптерін әктеп, арамшөптерді орып, құрғақ бұталар мен қураған жапырақтарды жинады. Сонымен қатар аумақты абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, айналаны көркейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Экологиялық акцияға қатысқан қызметкерлер табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, мұндай игі шаралар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, ұжымдық бірлік пен ұйымшылдықты нығайтуға да ықпал ететінін жеткізді.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстарға әрдайым белсенді қатысып, өңірдің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып келеді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті алдағы уақытта да республикалық экологиялық акцияларға белсенді қатысып, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және өңірдің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.

Тазалық – мәдениеттің, жауапкершіліктің және қоршаған ортаға деген құрметтің айқын көрінісі. Сондықтан әрбір азаматтың туған жердің тазалығын сақтауға қосқан үлесі елдің экологиялық ахуалын жақсартуға және келешек ұрпаққа таза әрі көрікті табиғат қалдыруға қызмет етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1263632?lang=ru

Exit mobile version