АЛМАТЫДА ДӘРІГЕРЛЕР БЕСІНШІ ҚАБАТТАН ҚҰЛАҒАН 4 ЖАСАР БАЛАНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

   Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында бесінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған төрт жасар балаға жасалған аса күрделі нейрохирургиялық ота сәтті өтіп, бала аман қалды.

       Кішкентай науқас аурухананың қабылдау бөліміне шұғыл түрде жеткізілді. Жан-жақты тексеру нәтижесінде дәрігерлер оған көптеген ауыр жарақатпен қатар, бірінші бел омыртқасының ығысуымен болған компрессиялық сынуы және жұлынның жарақат салдарынан қысылуы диагнозын қойды.

Баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер екі кезеңнен тұратын хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдады.

     Алғашқы кезеңде жұлынның қысылуы мен жамбас ағзалары қызметінің бұзылуына байланысты нейрохирургия бөлімінің мамандары жоғары технологиялық ота жасады. Кейін транспедикулярлық бекіту жүйесінің көмегімен бел омыртқасы тұрақтандырылып, соның нәтижесінде баланың қимыл-қозғалыс және сезімталдық қызметтері сақталып қалды.

       Мамандандырылған медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі және көпбейінді дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында баланың аман қалды. Дәрігерлердің болжамы жақсы.

     Қазір кішкентай науқастың жағдайы едәуір жақсарды. Стационарлық ем толық аяқталғаннан кейін ол әрі қарай амбулаториялық бақылау мен оңалтудан өту үшін үйіне шығарылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1263683?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version