Апталық шолу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21.07

АҚШ

Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ Геологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған жарты жылдық оқу семинарларын аяқтады.

 

22.07

Астана

Қазақстан мен Қытай су саласына маман даярлайтын бірлескен колледж ашу мәселесін пысықтап жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесті. 

 

23.07

Астана

Президент тапсырмасымен құрылған коммуналдық гидротехникалық нысандарды пайдалану және басқару ұйымдарына 1300-ден астам маман жұмысқа орналасты.

 

24.07

Астана

Қазақстандағы бұлақтар мен су айдындарының жағалауын тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясына 24 мыңға жуық адам қатысты.

 

25.07

РФ

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумының «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» тақырыбы аясында «Ертіс өзені: экологиялық әріптестік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірлескен шаралар» атты панельдік сессия өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1263691?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version