Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметкерлері Жұмаділова Толғанай Қожабайқызы мен Нұрбекова Светлана Балғабекқызы Наурызбай ауданының тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Кездесу барысында мамандар Басқарманың негізгі қызметі, балалардың құқықтарын қорғаудағы жаңа тәсілдер мен ведомствоаралық ықпалдастық туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, қазіргі жазғы демалыс кезеңін ескере отырып, балалардың жазғы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды:
Су айдындарындағы және шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
Төтенше жағдайлар мен көшедегі қауіпсіздік шаралары;
Балаларды қараусыз қалдырмау және жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдары.
Басқарма қызметкерлері тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, жазғы демалыста балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.
Балалардың қауіпсіз әрі бақытты балалық шағы — бәрімізге ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1263689?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау