Қазақстан балаларының жарқын болашағы мен қауіпсіздігіне бағытталған маңызды қадам ретінде Астанадағы Maqsut Narikbayev University алаңында ел өңірлерінен келген 170 маманға арналған үш апталық ауқымды оқыту семинарлары аяқталды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп ұйымдастырған бұл шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен барлық облыстардың балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа өңірлік басқармаларының басшылары, қызметкерлері және аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қатысты.
Құрылғанына көп бола қоймаған бұл өңірлік басқармалар отбасы мен балаға жергілікті жерде қолдау көрсететін басты буынға айналып отыр, бұл өз кезегінде қажетті көмектің жедел әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдерінің айтуынша, бұл бастаманың жай ғана әкімшілік өзгеріс емес, еліміздің ең бағалы адами капиталы болып табылатын өскелең ұрпақтың қауіпсіздігіне салынған ұзақ мерзімді инвестиция.
Үш күндік қарқынды бағдарлама барысында мамандар дағдарыс жағдайын ушықтырмай тұрып ерте анықтауды, баламен жұмыстың алғашқы өтініштен бастап шешім қабылғанға дейінгі кейс-менеджмент тәсілдерін меңгеріп, сондай-ақ баланың әр түрлі ведомстволардың арасында көзден таса қалып қоймауы үшін соттармен, полиция және қорғаншылық органдарымен бірлесіп үйлесімді жұмыс істеуді үйренді.
Бұл жұмыстардың маңызын нақты деректер де растайды: Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS-2024) нәтижелері көрсеткендей, қатаң тәрбие әдістеріне тап болатын 1–14 жас аралығындағы балалардың үлесі 2015 жылғы 52,7 пайыздан 2024 жылы 37,9 пайызға дейін төмендегенімен, әлі де елдегі балалардың үштен бирінен астамы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болып отыр.
Сонымен қатар, 21 мыңнан астам бала жетім қалғанымен, мемлекеттің жүйелі қолдауының арқасында олардың басым бөлігі отбасылық ортада немесе қамқорлықта өсіп келеді, алайда жыл сайын шамамен 3884 бала әлі де интернаттық мекемелерге түсуде. Осы олқылықтардың орнын толтырып, балалар мен отбасыларды дер кезінде қорғау мақсатындағы бұл бастама мұнымен шектелмейді – алдағы тамыз айында тренерлерді даярлауға арналған шеберлік тренингі өтіп, кейіннен мамандарды толыққанды оқыту курсы Қазақстанның әрбір аймағында жалғасатын болады, – дейді ЮНИСЕФ өкілдері және бұл бағыттағы жұмыстарға өз тарапынан тұрақты техникалық сараптама ұсынуды жалғастыра бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1263681?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау