Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қала гарнизонына заманауи биіктік өрт сөндіру-құтқару техникасын табыстады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен азаматтық қорғау органдарын жүйелі жаңғырту аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТЖД бөлімшелеріне Volvo шассиіндегі АКП-75 және АПК-90 автокөтергіштері берілді. Жаңа техника кәдімгі автосатыларды қолдану мүмкіндігі шектеулі көпқабатты ғимараттарда өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.
АКП-75 автокөтергіші 75 метрге дейінгі биіктікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол құтқару себетімен және су мен көбікті тиімді беруге арналған қашықтан басқарылатын лафеттік оқпанмен жабдықталған. Ал АПК-90 автокөтергіші 90 метрге дейінгі биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Құтқару себетінің жүк көтергіштігінің артуы мен қуатты өрт сөндіру жүйесінің арқасында бұл техника адамдарды эвакуациялау және көпқабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру кезінде құтқарушылардың мүмкіндігін едәуір кеңейтеді.
Аталған техниканың гарнизонға берілуі Алматы қаласының материалдық-техникалық базасын нығайтудағы маңызды қадам болды. Бұл төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттырып, авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін күшейтуге және мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеруге мүмкіндік береді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1263695?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау