«Алакөл толқыны — 2026» — Ақши ауылына ерекше көңіл күй сыйлаған музыкалық фестиваль
5 мыңнан астам адамның басын қосқан ауқымды іс-шара 25 шілде күні Ақши ауылында, Алакөл көлінің жағалауында өтті.
Фестиваль аясында қазақстандық эстрада өнерпаздары мен Жетісу облысының әншілері концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар, DJ-party, ойын-сауық бағдарламалары және мерекелік отшашу ұйымдастырылды.
Қазақстанның түпкір-түпкірінен және шетелден келген қонақтар да Алакөлдегі ең айтулы оқиғаның куәсі болды. Бұл өңірдегі туризмнің дамуына ықпал ететін ең жарқын жазғы фестиваль болды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhaipak/press/news/details/1264132?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау