департаментінің өкілдері жас мемлекеттік қызметшілермен өткен кездесуге қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹««Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 24 шілдеде Қостанай облысының Әділет департаменті мен Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері жас мемлекеттік қызметшілермен өткен кездесуге қатысты.
🔹 Кездесу барысында Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары туралы баяндап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты конституциялық өзгерістерге ерекше назар аударды.
🔹 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысушыларды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерімен таныстырып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын еске салды.
🔹 Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік органдар қызметінде заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1264242?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version