Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұма және сенбі күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Іс-шара барысында Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы №9 учаскелік полиция пунктінің іс жүргізу құжаттарына тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, отбасы-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар бойынша «қорғау нұсқамасы», «қолайсыз отбасы» және «ерекше талап» санаттары бойынша профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ облыс аумағында өткізіліп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Басқұдық ауылындағы заңды қару иелерінің тұрғылықты мекенжайлары тексерілді. Тексеру барысында қаруды сақтау және пайдалану қағидаларының сақталуына ерекше назар аударылып, қару иелеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Өткізілген іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және заңсыз қару айналымына қарсы күресті күшейтуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1263971?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау