Маңғыстау облысының полициясы құқықбұзушылықтарға себеп болатын жағдайларды жою бағытында жұмыс жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі – құқықбұзушылықтарды ашу ғана емес, сонымен қатар оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою арқылы алдын алу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен анықталған себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға ұсыныстар енгізеді.

Ағымдағы жылдың алты айында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің тергеу және анықтау бөлімшелері құқықбұзушылықтарға ықпал еткен факторларды жою мақсатында 954 ұсыныс енгізді. Оның 906-сы қаралды.

Ұсыныстарды қарау нәтижесінде облыс аумағында 92 бейнебақылау камерасы, көшелер мен автомобиль жолдарында 4 сыртқы жарықтандыру нысаны, 12 дабыл түймесі мен сигнал беру құрылғысы, сондай-ақ 2 жол белгісі орнатылды.

Сонымен қатар, заңнамада белгіленген мерзімде енгізілген ұсыныстарға жауап бермеген 89 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар құқықбұзушылықтардың жасалуына жағдай туғызатын факторларды жоюға, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және өңірдегі қылмыстың алдын алу тиімділігін күшейтуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1263973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version