Хромтау ауданында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов аудан әкімдігінде қызмет атқарып жүрген жас мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымын табыстады.
Салтанатты рәсім Ата Заңның қоғамдағы рөлін дәріптеу, құқықтық мәдениетті нығайту және жастардың мемлекеттік қызметтегі жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аудан басшысы жастардың ел дамуы жолындағы маңызды күш екенін атап өтіп, мемлекеттік қызметте заң үстемдігін, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстанудың маңызына тоқталды.
«Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік жүктейтін сала. Бүгін өздеріңізге табысталып отырған Конституция кітабы – құқықтық мемлекет қағидаттарын берік ұстанудың, халыққа адал қызмет етудің және ел болашағына деген жауапкершіліктің символы. Әрқайсыңыз Ата Заң талаптарын басшылыққа алып, ел игілігі жолында абыройлы еңбек етеді деп сенемін», – деді Нұрхан Тлеумұратов.
Шара соңында жас мемлекеттік қызметшілерге Конституцияның жаңа басылымдары табысталып, оларға кәсіби қызметтеріне табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1264255?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау