2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі ғимаратында орналасқан №442 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы өтеді.
Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы, дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие болсаңыз, Сіздің Құрылтай сайлауына қатысуға заңды құқығыңыз бар.
Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді Құрылтай сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №442 сайлау учаскесіндегі дауыс берушілер тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс берушілер тізіміне енгізу үшін Иордания аумағындағы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, электрондық поштасы) r.zhumatov@mfa.kz электрондық поштасына «Құрылтай сайлауы» белгісімен алдын ала жіберуі қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №442 учаскесінің төмендегі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: +962 777688885.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1264308?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау