Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өзара іс-қимылы аясында фармацевтикалық қызмет субъектілеріне дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз.
Назарларыңызды дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттардың тек жарамды рецепт болған жағдайда ғана сатылатынына аударамыз. Рецептпен босатылатын дәрілік заттарды беру тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Заңнама талаптарын сақтау пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, дәрілік заттарды бақылаусыз қолданудың алдын алуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Дәріхана ұйымдарының қызметкерлері мен фармацевтикалық қызмет субъектілерін дәрілік заттарды босату тәртібін сақтауға және кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен орындауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1264337?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау