27 шілде күні Сенек ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру және бақылау іс-шаралары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл әкімдігі, жергілікті атқарушы органдар мен жауапты мамандар тұрғындармен кездесіп, елді мекеннің тазалығын сақтау, санитарлық талаптарды орындау және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару, қоқысты уақытылы төгу, үй аулалары мен көшелердің тазалығын сақтау, құрылыс және басқа да қалдықтарды бей-берекет тастамау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтаудың тұрғындардың денсаулығы мен ауылдың көркеюіне тікелей әсер ететіні түсіндірілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан мұндай шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейту және ауылдың тазалығын бірлесіп қамтамасыз ету.
Сенек ауылы әкімдігі ауыл тұрғындарын тазалықты сақтауға, өз аулалары мен қоғамдық орындарды күтіп ұстауға және қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырады.
Сенек ауылы әкімшілігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1264262?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау