Витебск облысы, Глубокое қ., 2026 жылғы 24-25 шілде – халықтық дәстүрлер мен мәдениетке арналған шие фестивалі өтті.
Фестиваль аясында Беларусьтің барлық аймақтарынан, сондай-ақ Қазақстан, Мьянма және Ресейден келген шетелдік қонақтардың қатысуымен музыкалық қойылымдар өтті.
Биылғы жылы Қазақстаннан халықаралық және республикалық өнер байқауларының лауреаттары, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары – «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі және «Қобыз сарыны» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетіп, белорус жұртшылығына қазақ халқының өзіндік мәдениеті мен өнерін, ұлттық дәстүрлері мен рухани мұрасын таныстырды.
«Алтынай» ансамблі «Қыпшақ», «Алкакотан» ежелгі билерін, «Қара жорға» және «Қоштасу» дәстүрлі билерін, басқа да халықтық хореографиялық қойылымдарын көрсетті.
«Қобыз сарыны» ансамблі шығармаларды наркобыз, қылқобыз, желкобыз, сымқобыз, сазген сияқты ежелгі ұлттық аспаптарда орындады.
Беларусь жұртшылығы қазақ халқының музыкалық өнерінің жарқын нөмірлері мен бірегей дәстүрлерін атап өтіп, Қазақстаннан келген орындаушылардың өнерін жоғары бағалады.
Шие фестивалі жыл сайын мыңдаған қонақтарды жинайтын Глубокое қаласының бетке ұстар іс-шараларының бірі болып саналады. Қала шие өсірудің көпжылдық дәстүрлерінің арқасында «Шие астанасы» мәртебесіне ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1264343?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау