Теріс–Ащыбұлақ су қоймасында профилактикалық рейд өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жуалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Теріс–Ащыбұлақ су қоймасында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара барысында демалушылармен және балық аулаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.

Сонымен қатар азаматтарға арнайы жадынамалар таратылды. Қызметкерлер рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігіне назар аударып, суға мас күйінде түсуге жол бермеу, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және балық аулау кезінде жеке қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Жуалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1264045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version