Ұлытау облысында полиция кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейд жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысында полиция және прокуратура қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында бірлескен түнгі профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр. Рейд барысында ойын-сауық орындары, саябақтар, аулалар мен жастар көп жиналатын қоғамдық орындар тексеріліп, заң талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ата-аналармен, кәсіпкерлермен және жасөспірімдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты заң талаптарын бұзғаны үшін 1411 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін – 12 тұлға, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін – 345 заңды өкіл, ал кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін – 1054 заңды өкіл жауапқа тартылды. Полиция мен прокуратура ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылап, олардың қайда жүргеніне және кіммен араласатынына ерекше көңіл бөлуге шақырады. Өйткені кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ олардың тәрбиесі үшін жауапкершілік ең алдымен ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктеледі. Құқық қорғау органдары балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1264325?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version