ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ МАЗМҰНДЫ СЕМИНАРЛАР ӨТТІ
2026 жыл – Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылған волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларына арналған Жазғы мектепте қатысушылар командалық жұмысқа бейімделіп, тәжірибелі спикерлердің қатысуымен өткен семинарларға қатысты.
🔹 Танымал блогер, тиктокер Санжар Жүнісов медиа сауаттылық тақырыбында пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
🔹 Пікірсайыс тренері, профориентолог Ақан Бесбаев relationship coaching, тиімді көшбасшылық және волонтерлік қозғалысты дамыту бағытында тәжірибелік дәріс өткізді. Жазғы мектеп – жастардың көшбасшылық қабілетін шыңдап, тәжірибе алмасуға және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жол ашатын маңызды алаң
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhastar-shymkent/press/news/details/1264313?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау