🔹 Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы рейдтік іс-шаралар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаевтың 2026 жылғы 15 маусымдағы аппараттық кеңесте берген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бірлескен профилактикалық рейдтер ұйымдастырылды.

💭Іс-шараларға прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері және мемлекеттік еңбек инспекторлары қатысты.

🔹Рейд барысында Департаменттің Еңбек заңнамасы бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Ескалиева Лаззат Тилемгеновна және Ақтау қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нурбергенова Асылым Есенқұлқызы Ақтау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де нысандарда түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізді.

🔹Рейдтің негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу және жұмыс берушілер арасында еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру.

🔹Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1264368?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version