Жәрмеңкеде тұрғындар мен қала қонақтарына жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен шаруа қожалықтарының сапалы өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды. Сатылымға сиыр еті, жылқы еті, күнбағыс майы, бал, жаңа ауланған және ысталған балық, сондай-ақ басқа да табиғи өнімдер шығарылды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 4,4 тонна өнім сатылып, жалпы 14,6 млн теңгенің өнімі өткізілді.
Мұндай жәрмеңкелер жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге және өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1263741?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау