Абай облысы әкімінің орынбасары Д.Оспанов іс-сапармен Ақсуат ауданына келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 шілде күні Ақсуат ауданына арнайы іс-сапармен Абай облысы әкімінің орынбасары Д.Оспанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Е.Қуанбаев келіп, аудан әкімі Е.Кәдірбекұлы, аудан әкімінің орынбасары М.Қайырбеков, аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі және барлық ауыл әкімдерімен қыстамаға мал азығын дайындау жұмыстары туралы жиын өткізді.

Жиында биылғы әр ауылдық округ әкімі шөп науқанының жүру барысы туралы нақты баяндап берді. Әрбір ауыл әкіміне биылғы жылғы қыстамаға мал азығын дайындау жұмыстарын қатаң бақылауға алып, жетіспеген шөп көлемін көршілес аудандардан алу жолдарын қарастыру тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/1264087?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version