Абай облысында абаттандыру деңгейін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Оның барысында санитарлық талаптар мен абаттандыру қағидаларын сақтамау фактілерінің жолы кесілуде. Ерекше назар қоғамдық орындарға, аула аумақтарына және демалыс аймақтарына аударылып келеді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 700-ден астам дерегі, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзудың 7300-ден астам фактісі анықталды. Жалпы алғанда, 8 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.
Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және қоғамдық кеңістіктерге жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1264079?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау