Алматы облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында аумақтық полиция бөліністерінің жеке құрамымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Кезекті кездесулер Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар және Жамбыл аудандарында өтті. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға бағытталған құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Кездесулер барысында полиция қызметкерлеріне қолданыстағы заңнаманың негізгі талаптары жан-жақты түсіндіріліп, қылмыстардың, интернет-алаяқтықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жеткізілді. Сонымен қатар қызметтік тәртіпті, қоғамдық тәртіпті және жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңыздылығы еске салынды.
Ерекше назар кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатына, әрбір қызметкердің заң талаптарын сақтаудағы жеке жауапкершілігіне және қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз орындауына аударылды.
Түсіндіру іс-шараларына барлығы 650-ге жуық полиция қызметкері қатысты. Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қаралған бағыттар бойынша әдістемелік және ақпараттық материалдар жеткізілді.
Мұндай жұмыстар алдағы уақытта облыстың барлық аумақтық полиция бөліністерінде тұрақты түрде жалғасады. Өйткені жеке құрамның құқықтық мәдениетін арттыру және қызметтік тәртіпті нығайту – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын тиімді іске асырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1264421?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау