Астанада Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талғат Рахманбердінің басқа қызметке ауысуына байланысты Байқоңыр ауданының әкімі болып Нұрлан Әлімжанов тағайындалды. Тағайындау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен жүзеге асты.

Нұрлан Әлімжанов мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы бастаған. 2012 жылдың тамызынан 2015 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппаратында және Балқаш қаласы әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарды.

2015 жылдың шілдесінен 2020 жылдың маусымына дейін орталық және жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтерде болды.
2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарды. Ал 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың сәуірінен тамызына дейін Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
2023 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1264726?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version