Байғанин аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті
2026 жылғы 22 шілде күні Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы Марғұлан Сержанұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Айбек Мұратқалиұлы Купенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қатысты. Сессия барысында депутаттар Байғанин ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетіне, сондай-ақ Қарауылкелді, Ащы, Көлтабан, Жаңажол және Сартоғай ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарап, тиісті шешім қабылдады. Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Айбек Купенов аудан орталығы Қарауылкелді ауылында орын алған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға көрсетілетін қолдау шаралары жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарға аудандық мәслихат депутаттарының белсенді атсалысуы қажет екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayganin/press/news/details/1264044?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау