“Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі бөлімге қарасты 9 мектепке дейінгі ұйымның аумағына балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары бойынша әлеуетті өнім берушілерден (мердігер ұйымдардан) өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау мерзімі:
Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні.
Қатысуға шақырылады:
Балалар ойын алаңдарын орнату және абаттандыру жұмыстарын орындау тәжірибесі бар, қажетті материалдық-техникалық базамен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етілген мердігер ұйымдар.
Ұсынылатын құжаттар тізімі:
- еркін нысандағы өтінім;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу құжаттарының көшірмелері;
- лицензияның немесе рұқсат беру құжаттарының көшірмелері (қажет болған жағдайда);
- осыған ұқсас жұмыстарды орындау тәжірибесі туралы мәліметтер;
- алдын ала коммерциялық ұсыныс.
Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау мекенжайы:
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 65А.
Байланыс ақпараты:
Ш. Қалиева – Атырау қалалық білім бөлімінің қызметкері.
Телефон: +7 (706) 712-05-96
Электрондық пошта: goroo.buh@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1264784?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау