Аудан әкімі Бауыржан Момышұлы ауылының Рысбек батыр көшесінің тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады.
Кездесу барысында аталған көшедегі 67 абоненттің электр желісі қазіргі уақытта теміржол мекемесінің теңгерімінде екені айтылды.
Қазіргі таңда Боранды станциясы аумағында автокөлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында салынып жатқан «Тесік көпір» нысанындағы құрылыс жұмыстарына байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін электр энергиясы уақытша өшірілуде.
Тұрғындарды тұрақты әрі сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта аталған 67 абоненттің электр желісін аудандық электр желісі (РЭС) теңгеріміне беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген өзге де мәселелер назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1264971?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау