«Қауіпсіздік азимуты» республикалық профилактикалық акциясы аясында Жамбыл облысы ТЖД және Талас ауданы ТЖБ қызметкерлері Билікөл су айдынында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейд өткізді.
Рейд барысында азаматтарға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, құтқару кеудешелерін міндетті түрде пайдалану және қолданыстағы талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.
Нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 582 және 584-баптарына сәйкес 3 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Судағы қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі. Белгіленген талаптарды сақтап, өз өміріңіз бен өзгелердің қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1264051?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау