«Бір стикер – бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін»: Жамбыл облысының полицейлері ерекше акция өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бір стикер – бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін»: Жамбыл облысының полицейлері ерекше акция өткізді

«Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталығында ерекше акция ұйымдастырды. Дәстүрлі жадынамалардың орнына келушілерге «Бір стикер – бір әрекет» атауымен қысқа әрі маңызды ескертулері бар арнайы стикерлер таратылды.

Акцияның негізгі идеясы қарапайым: ұялы телефон – адамның күнделікті жанында болатын зат. Телефонның артқы бетіне стикерді жапсыру арқылы ата-аналар күн сайын баласының қауіпсіздігі мен амандығына бірнеше минут бөлуді еске алып отырады.

Стикерлерде қарапайым, бірақ маңызды үндеулер жазылған:

«Бір қоңырау» – балаңызға хабарласып, оның жағдайын сұраңыз;

«Қауіпсіз терезе» – терезелердің жабық екеніне және жиһаздың терезе алдына жақын тұрмағанына көз жеткізіңіз;

«5 минут көңіл бөліңіз» – телефонды бір сәтке шетке қойып, балаңызбен сөйлесіңіз;

«Балаңыздың өміріне күн сайын қызығушылық танытыңыз. Оның қауіпсіздігі – сіздің назарыңызда»

Полицейлердің айтуынша, профилактика қарапайым күнделікті дағдылардан басталады, ал балалардың қауіпсіздігі – ата-ананың қамқорлығы мен назарынан бастау алады. Кейде бір ғана телефон қоңырауы мәселені дер кезінде анықтауға, ал бір ғана тексеріс қайғылы жағдайдың алдын алуға жеткілікті.

Акция сауда орталығына келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Көптеген ата-аналар стикерлерді бірден өз телефондарына жапсырып, мұндай еске салғыштың күнделікті өмірде өте пайдалы болатынын атап өтті.

Акцияның басты үндеуі қарапайым: «Бүгін стикерді жапсырыңыз, ертең уақытында соқпаған қоңырау немесе назардан тыс қалған сәт үшін өкінбеңіз. Кейде бір ғана шағын әрекет ең қымбат құндылық – баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1264190?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version