Бүгін, 2026 жылғы 28 шілдеде Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Тлеугалеева Айжана және «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Турлубекова Наталья қатысты.

Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралған екі мәселе бекітілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.

Қостанай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 28/33 «Қостанай қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату және комиссия құрамынан шығару және шығып қалғандардың орнына Қостанай қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы» қаулысымен Қостанай қаласы аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің құрамынан Қайыржан Нұржан Нұрымжанұлы және Нұғырбеков Сағит Нұриканұлы міндеттерінен босатылып, шығарылды.

Қостанай қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 12 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін босату туралы» қаулысымен учаскелік сайлау комиссияларының 23 мүшесі міндеттерінен босатылды.

Қостанай қалалық, сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында Қостанай қалалық, сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы ақпарат орналастырып, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерге Қостанай қалалық, сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар ұсыну туралы жүгінді.

Белгіленген мерзімде партия филиалдары мен 4 қоғамдық бірлестік Қостанай қалалық, сайлау комиссиялары мүшелерінің бос лауазымдарына орналасуға 25 кандидатура ұсынды. Ұсынылған барлық кандидатуралар қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қаралды.

Екінші мәселе бойынша мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 208 «Қостанай қаласының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді, онда шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда баяндалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1264822?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version