Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен кезекті кеңес өтті.
Жиында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Құрылтай» жобасының маңызы талқыланды. Аудан әкімі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайту және тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ аудан тұрғындарын 23 тамызда өтетін Құрылтайға белсенді қатысуға шақырды.
Сонымен қатар жаңадан құрылған Бизнес және туризм бөлімі таныстырылып, бөлім басшысы Жомартов Рустам Мейрамович тағайындалды. Жаңа бөлімнің негізгі міндеттері – ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және туризм саласын дамыту.
Кеңес қорытындысында жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1264733?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау