Дияр Аманәлі әлем чемпионатының финалына шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында шымкенттік балуан Дияр Аманәлі финалға жолдама алды.

🔷 Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен сынға түскен Дияр жоғары  деңгейдегі шеберлігі мен қайсарлығын көрсетіп, барлық қарсыласын жеңіп шықты. Ол алғашқы белдесуінде Грекия өкілі Николас Зинисаны айқын басымдықпен ұтып, кейін ресейлік Эдем Пазиевті 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда Грузия балуаны Гиорги Кеделидзені 2:1 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда Болгария спортшысы Данимир Иордановтан басым түсіп, әлем чемпионатының финалына шықты.

🔷 Енді Дияр ертең кешкі сессияда алтын медаль үшін Мажарстан өкілі Кеве Ковачпен белдеседі.

Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғап жүрген жерлесімізге сәттілік тілейміз! Алтын жүлде бұйырсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1264610?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version