Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан, аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиев, аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Амалбеков және аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатовпен бірге Байкенже, Кейден, Жайылма ауылдары мен Шалқия кентінде болып, тұрғындармен кездесті.
Кездесулер барысында аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға, Жаңа Конституцияның маңызына, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына және облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен өңірде, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиев «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың жауапкершілігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, әрбір сұраққа нақты жауап берілді. Заң аясында қосымша зерделеуді қажет ететін ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесіне сәйкес қажетті шаралар қабылданатыны айтылды.
Аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне, мектеп, балабақша және мәдениет саласы басшыларына халықпен тығыз байланыста болып, елді мекенде тұрақты тұрып, тұрғындардың талап-тілегіне жедел үн қатып, ел игілігі жолында жауапкершілікпен қызмет етуді тапсырды.
Кездесулерден кейін аудан басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жаңа оқу жылы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Жауапты сала басшыларына білім беру ұйымдарының толық әзірлігін қамтамасыз ету, қысқы маусымға сапалы дайындалу, сондай-ақ ауылдардың санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау